Бұл РФ үкімет басшысының 2024 жылдағы алғашқы шетелдік іссапары.
ERNUR.KZ. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Алматыға ұшып келді, деп жазады sputnik.kz.
Сонымен қатар ол Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайлов және Қырғызстан премьер-министрі Ақылбек Жапаровпен екіжақты кездесу өткізеді.
Жұма күні Digital Almaty 2024 халықаралық цифрлық форумда сөз сөйлейді деп жоспарланған.
Бұл РФ үкімет басшысының 2024 жылдағы алғашқы шетелдік іссапары.