Мобильді аударымдарға шектеу қойылды – қаржы министрі тағы бір жаңалықпен бөлісті

0
664

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде тағы бір шектеу талқыланып жатыр. Оған сәйкес, үш айда бір адамға жіберілген мобильді аударымдардың жалпы сомасы 255 мың теңгеден аспауы қажет.


Мобильді аударымдарға шектеу қойылды – қаржы министрі тағы бір жаңалықпен бөлісті

ERNUR.KZ. Қаржы министрі Мәди Тәкиев мобильді аударымдарға шектеу енгізілгеннен кейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелген адамдардың көбейгенін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Бүгінде үш айдың ішінде бір нөмірге әртүрлі адамдардан түсетін аударымдардың саны 100-ден аспауы тиіс. Одан көп болып кетсе, бақылау шаралары басталады. Жылдың басында барлығы дүрлігіп кетті, қолма-қол ақша іздей бастады. Дегенмен жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендердің саны айтарлықтай өсті.
"Қазіргі кезде жағдай тынышталды, қолма-қол ақшаның көлемі азайып келеді. Адамдар қайтадан мобильді аударымдарға көшіп жатыр. Қаңтар айында шамамен 75 мың жеке кәсіпкер тіркелді. Бұрын бір айда 2-3 мың адам тіркелетін. Ал ақпан айында 70 мың жеке кәсіпкер тіркелді. Демек адамдар кәсібін заңдастырып жатыр", - деді Тәкиев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде тағы бір шектеу талқыланып жатыр. Оған сәйкес, үш айда бір адамға жіберілген мобильді аударымдардың жалпы сомасы 255 мың теңгеден аспауы қажет.
Заң бойынша бір жылдық табысы 12 ең төменгі жалақыдан асатын, яғни, шамамен 1 миллион теңгені құрайтын адамдар жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті.