Мобильді аударымды қолданатын кәсіпкерлерге қашаннан бастап айыппұл салынады

0
273

Заң бойынша қарапайым халық мобильді аударыммен бір-біріне ақша жібере алады.


Мобильді аударымды қолданатын кәсіпкерлерге қашаннан бастап айыппұл салынады

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мобильді аударымды пайдаланатын кәсіпкерлерге ескерту жасады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Заң бойынша қарапайым халық мобильді аударыммен бір-біріне ақша жібере алады. Ал кәсіпкерлер банкте екі есепшот ашуға тиіс. Біреуі жеке аударымдар үшін қолданылса, екіншісі кәсіпкерлік қызметке арналады. Бүгінде осындай жүйеге көшкен бизнесмендер аз емес.
"Біз бұны былтырдан бері айтып келеміз. Қазіргі кезде мобильді аударымға бөлек есепшот ашқан кәсіпкерлер бар. Оларға қатысты ешқандай шара қолданылмайды. Ал осы жүйеге көшпеген кәсіпкерлерге біршама уақыттан кейін мәселе қойылады. Қазір ешқандай айыппұл болмайды. Ал 2025-2026 жылдары біз ондай кәсіпкерлерді анықтап, салық төленбеген жағдайда айыппұл салынады. Заң талабын ұмытпау керек, кез келген кәсіпкер салық төлеуге міндетті", - деді Жамаубаев үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, мобильді аударымға арналған нөмірлерді іліп қойған кәсіпкерлерге ескерту жасалады. Бірақ барлығын тексеріп шығу қиын.
"Бізге түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу керек. Өйткені кейбір кәсіпкерлер осы мәселенің маңыздылығын жете түсінбей отырған сияқты. Ертең проблема болмау үшін түсіндіру жұмыстарын дұрыс өткізіп алған жөн", - деп атап өтті қаржы министрі.