Мобильді төлемдер бойынша салық органдарына деректерді беру ережелері әзірленді

0
761

Пилоттық жоба екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) ақпараттық жүйелері арқылы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу кезінде салық төлеушілер жүргізген ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына тегін негізде беруді көздейді.


Мобильді төлемдер бойынша салық органдарына деректерді беру ережелері әзірленді

ERNUR.KZ. Қаржы министрлігі екінші деңгейдегі банктердің салық органдарына төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдықтардан ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтер беру жөніндегі пилоттық жобаның ережелері мен мерзімін әзірледі, деп жазады zakon.kz.

Пилоттық жоба екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) ақпараттық жүйелері арқылы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу кезінде салық төлеушілер жүргізген ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына тегін негізде беруді көздейді.

Ережеде мына жайттар анықталған:

  • пилоттық жобаға қатысушылар;
  • пилоттық жобаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері;
  • пилоттық жобаны іске асыру тәртібі мен мерзімі.

Пилоттық жобаға қатысушылар:

  • деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының (бұдан әрі – POS-терминал) техникалық талаптарын ескере отырып, төлем карточкалары мен қолма-қол ақшаны пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) ерікті негізде қолдануға дайындығын білдірген салық төлеушілер;
  • мемлекеттік кірістер органдары – Комитет және пилоттық жобаның қатысушылары болып табылатын, аумағында орналасқан жері бойынша салық төлеушілер тіркелген оның аумақтық органдары.

Салық төлеушілер:

1) Пилоттық жоба аяқталғанға дейін POS-терминалды қолдануға;

2) ЕДБ-мен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру туралы шарт жасасуға міндетті.

Екінші деңгейлі банктер:

  1. Комитеттің ИДБ АЖ-мен интеграцияны қамтамасыз етуге;
  2. Комитетке POS-терминалдарды қолданатын салық төлеушілердің тізімін ұсынуға;
  3. Комитетке POS-терминалдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді өзгеріссіз түрде беруге;
  4. мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты құрайтын ақпаратты жария еткені, таратқаны үшін қызметкерлердің жауаптылығы туралы құқықтық актіні бекітуге;
  5. POS-терминалды қолданатын салық төлеушілер үшін техникалық қолдауды қамтамасыз етуге міндетті.Пилоттық жобаны жүргізу мерзімін 2022 жылғы қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін айқындау көзделген.Құжат 7 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында жарияланған.