Мұқасан Шахзадаев басшылық қызметке тағайындалды

0
554

Бұл туралы өнер иесінің досы әрі әріптесі желіде жариялады.


Мұқасан Шахзадаев басшылық қызметке тағайындалды

"Нұр-Мұқасан" тобының экс-солисі Мұқасан Шахзадаев "Алматы әуендері" мекемесінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы өнер иесінің досы әрі әріптесі Мейрамбек Бесбаев Instagram әлеуметтік парақшасында жазды.

"Алматы Әуендерінің" су жаңа көркемдік жетекшісі досым - Мұқасан Шахзадаев. Қазақ әніне 30 жылдан астам уақыт еңбегі сіңген, халықтың сүйікті ұлына айналған Мұқаш ару Алматының өнерін дамыту ісіне зор өмірлік һәм кәсіби тәжірибемен кірісіп отыр. Мұқасанға сәттілік тілейік, ағайын!", - дейді әнші.


Мұқасан Шахзадаев - 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданында туған. Танымал эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты.

1989 жылы Тараз мәдени училищесін бітірген. 1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұрынғы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтынның) музыка факултетін тәмамдаған.

1990 жылы «Нұр-Мұқасан» дуэтін құрып, сол топта осы 25 жыл өнер көрсетті.