Мұнай-химия зауыты бас директорының ұсталғанын оның туыстары растады

0
427

Қамауға алынған мұнай-химия зауыты басшысының ұлы тергеушілердің қолында әкесінің кінәлі екенін дәлелдейтін айғақ жоқ екенін, оған қарсы қылмыстық іс ойдан шығарылғанын мәлімдеді.


Мұнай-химия зауыты бас директорының ұсталғанын оның туыстары растады

ERNUR.KZ. "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейітовтің ұсталғанын оның ұлы Сұлтан растады, деп жазады sputnik.kz.



Ол Instagram парақшасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдады.
"7 ақпанда оны ұстады, ал сегізінде ешқандай дәлелсіз қамауға алды", - дейді видеода бас директордың ұлы Сұлтан.
Оның айтуынша, тергеу Оспанбек Әлсейітовті бұл қызметке 2017 жылдың 22 желтоқсанында тағайындалғанына қарамастан, 2018 жылдың 3 қаңтарында қоспаларды жеткізу келісімшартына қол қойған деп айыптап отыр. Ұлының айтуынша, бұл құжаттар Оспанбек Әлсейітов "Қазмұнайгаз" департаментінде жұмыс істеген кезде қабылданған.
Барлық дәлел келтірілді, бірақ экономикалық тергеулер департаментінің тергеушісі оны елемеді, дейді Әлсейітовтің ұлы.