Сонымен қатар жеңілдетілген виза қарастырылады.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен үкімет сағатында айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Жаңа көші-қон саясатын таныстырған ол құжат 4 міндетті шешуді көздейтінін атап өтті.
"Оның мақсаты – Қазақстан экономикасын сұранысқа ие және білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Жаңа көші-қон саясаты 4 міндетті шешуді көздейді: сұранысқа ие кадрларды тарту; инвестиция тарту; шетелде тұратын этникалық қазақтардың әлеуетін пайдалану; шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау. Бірінші міндет аясында экономика салалары үшін сұранысқа ие технологиялар бойынша үздік оқытушыларды, үздік ғалымдарды, тапшы кәсіптер бойынша мамандарды тарту мақсатында жеңілдетілген визалар мен 10 жылға тұру құқығы беріледі", - деді Тамара Дүйсенова.