Назарбаев Алматыдағы электрлі автобустар құрастыру жұмысымен танысты

0
1 352

німділік қуаты жылына 100 электрлі автобус шығаратын зауыт 1 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтиды.​


Назарбаев Алматыдағы электрлі автобустар құрастыру жұмысымен танысты

Нұрсұлтан Назарбаев «Falcon Eurobus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы AkordaPress-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы зауыт жұмысы жөніндегі баяндаманы тыңдап, үшінші буын саналатын электрлі автобустар жасау өндірісінің технологиялық үдерісімен танысты.

Бұл жобаны іске асыруға 15 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тартылды. Оған мемлекеттік қолдау арқылы Алматы қаласының әкімдігі тарапынан жер телімі бөлінген және 2 миллиард теңгеге сумен қамту және электр желілері тартылған.

Өнімділік қуаты жылына 100 электрлі автобус шығаратын зауыт 1 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтиды.