Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков бірқатар маңызды мәселені талқылады.
ERNUR.KZ Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады elbasy.kz.
Әңгімелесу барысында тараптар екі мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың белсенді түрде дамып келе жатқанын атап өтті.
Күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер де телефон арқылы сөйлесуге арқау болды.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков Қазақстан мен Қырғызстанның стратегиялық ықпалдастығын екі елдің игілігі үшін одан әрі тереңдетуді және кеңейтуді қолдайтындарын жеткізді.