Назарбаев Nur Otan партиясы үшін маңызды шешім қабылдады

0
853

Алматының экс-әкімі Байбек партияның хатшысы болып тағайындалған бұрынғы орынбасарымен бірге Nur Otan-да жұмыс істейді.


 Назарбаев Nur Otan партиясы үшін маңызды шешім қабылдады

ERNUR.KZ. Nur Otan партиясының жаңа хатшысы тағайындалды. Бұл қызметке Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Арман Қырықбаев келді, деп жазады sputniknews.kz.

"Партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен Арман Қырықбаев "Nur Otan-ның" хатшысы болып тағайындалды", - деп жазды партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-де.
Байбек оның партиядағы, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы бай жұмыс тәжірибесі алдағы міндеттерді табысты іске асыруына мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Ол хатшы қызметінен кеткен және үкіметтің қаулысымен ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болған Ғабидолла Оспанқұловқа алғысын білдірді.
"Соңғы жарты жылда партия алаңдарында мемлекеттік тілді дамыту, мәдениет, балалар құқықтарын қорғау және басқа да мәселелер жандана түсті", - деп Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары Оспанқұловтың жұмысын қорытындылады.
Партия хатшысы туралы не білеміз
Арман Қырықбаев Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, сондай-ақ сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын бітірген.
Әр жылдары ол Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, мәдениет және ақпарат вице-министрі, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі және Алматы қаласы әкімінің ішкі саясат жөніндегі орынбасары болды.