Назарбаев ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты пікір білдірді

0
495

Назарбаев тергеу мен соттың аяқталуын күтіп отырғанын атап өтті. Мәсімовтың мұндай әрекетіне не себеп болғаны, оның артында кім тұрғаны да Назарбаевты қызықтыратынын айтты.


Назарбаев ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 20 қарашада ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Zakon.kz.

Назарбаев тергеу мен соттың аяқталуын күтіп отырғанын атап өтті. Мәсімовтың мұндай әрекетіне не себеп болғаны, оның артында кім тұрғаны да Назарбаевты қызықтыратынын айтты.

" Өте қиын. Мәсімов көп жылдар бойы менімен бірге жұмыс істеді, бірақ Иса Пайғамбардың өзі қасында сатқын Иуданың отырғаның білмеді ғой. Біз Құдай емеспіз. Сондықтан, соттың аяқталуын күтеміз бәріміз, менің ойымша, шындықтың беті ашылады", - Нұрсұлтан Назарбаев
Назарбаев сайлауда кімге дауыс бергені туралы да айтты.
"Билікті өз еркіммен кімге тапсырдым? Сіздер білесіздер ғой? Бұл менің сол кездегі таңдауымды жасағанымды білдіреді, өз атымнан айтқым келеді, қазір халқымызға бірлік керек. Әрине, тәуелсіздік бар, мемлекет құрылды, менің қолбасшылығыммен елорда салынды, бірақ әлі де атқарылар жұмыс көп. Ол үшін бір президенттің төңірегінде жұмыс істейтін халықтың бірлігі қажет. Бұл қазақ халқының, Қазақстан елінің болашағы үшін өте маңызды. Мұны халқымыз түсінеді деп сенемін", - Нұрсұлтан Назарбаев