"НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жарияланды

0
706

Іздестіру жұмыстарын Өскемен ПБ жүргізеді.


ERNUR.KZ. "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Смаиловаға іздеу жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Іздеу жарияланғаны туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында пайда болды. Іздестіру жұмыстарын Өскемен ПБ жүргізеді.

qamqor.gov.kz

Еске салайық, бұған дейін Дина Таңсәрінің алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Бұл туралы ақпаратты ШҚО ПД баспасөз қызметі растады. Ведомство қоғам белсендісіне қатысты басталған тергеу туралы ғана мәлімет беріп, істің мән-жайын жарияламады.