Нигерия азаматының жұбайын алдаған елордалық тұрғын ұсталды

0
676

Күдікті Kaspi қосымшасы арқылы алаяқтық жасаған.


Нигерия азаматының жұбайын алдаған елордалық тұрғын ұсталды

ERNUR.KZ. Елордада Нигерия азаматының әйелі алаяқтың құрбаны болды. 31 жастағы азамат оның сеніміне кіріп, шетелдік азаматтың әйелі мен оның әпкесінің 1,5 млн теңге көлемінде ақшасын алдап алған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Kaspi қосымшасы арқылы ақша алған күдікті артынан телефонын сөндіріп, байланысты үзген.

Осы жағдайға байланысты мегаполис полициясы жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктіні қолға түсірген. Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оған қатысты тергеу басталып, бұрын-соңды осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.