Алайда ол жазушы, ғалым, кәсіпкер, ұстаз, дәрігер сынды мамандар қазақша видео, аудио контентті көбейтуі керек деп есептейді.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов айтты, деп жазады baq.kz.
"Димаш қазақтың ұлттық рухын көтеруге қанша еңбектеніп жүр. Ол саладағы еңбегі ұшан-теңіз. Ал Ninety one, Ирина Кайратовнаның әндерін ұшақта тыңдаймын. Олар мазмұнды ән жазады. Олардың өз ықпалы, еңбегі бар. Ирина Кайратовнаның youtube-та пікір айтатын арнасы да бар", - деді Байменов.Алайда ол жазушы, ғалым, кәсіпкер, ұстаз, дәрігер сынды мамандар қазақша видео, аудио контентті көбейтуі керек деп есептейді.
"Кезінде Британияда жұмыс жасаған Сайра Қадыр деген қарындасымыз «Гарии Поттерді» қазақшалады ғой. «Мазмұндама» деген топ та жақсы жұмыс істеді. Мемлекет қазір қазақшадан аударғаннан гөрі, қазақша аударма жасауға көп қаржы бөлуі керек. Қазақшаға аударатындардың барлығына субсидия беру керек. Осы бағытта сапалы жұмыс атқару керек", - деді ол.