Нұр-Сұлтан ауруханаларында науқастарға орын жоқ - басқарма түсінік берді

0
785

Желіде бірнеше видео тарады.


Нұр-Сұлтан ауруханаларында науқастарға орын жоқ - басқарма түсінік берді

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтанда толып кеткен аурухана туралы хабарламаға пікір білдірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде медициналық мекеменің толып кетуіне байланысты елордалық №1 көпсалалы қалалық аурухананың дәлізінде емделушілер жатыр деген хабарламалар пайда болды. Желіде бірнеше видео тарады.




Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі №1 көпсалалы қалалық ауруханада эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызылғандар саны күрт артқанын растады.


"Апта басында аталған ауруханада науқастар көбейіп кеткенде палата босағанша адамдарды дәліздерде уақытша орналастыру жағдайлары болды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.


"Бүгінде палаталарға 200-ден астам адам қабылданып, орналастырылды. Тұрғындардан қаладағы эпидемиологиялық жағдайға түсіністікпен қарап, сабыр сақтауды сұраймыз. Дәрігерлер қажетті медициналық көмекті барлығына көрсетеді", - деп толықтырды басқарма өкілі.