Нұр-Сұлтан ауруханасында әскери қызметкер көз жұмды

0
565

Дәрігерлердің мәліметі бойынша, оның жақ асты мен мойыны арасындағы еті қабынған.


Нұр-Сұлтан ауруханасында әскери қызметкер көз жұмды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. 2021 жылы 28 қарашада Нұрсұлтан қаласының Бас әскери-клиникалық госпитальда әскери сарбаз Бобир Сариев созылмалы дертінің асқынуына байланысты қайтыс болды, деп жазады Zakon.kz.

Әскери борышын өтеп жүрген сарбаз 25 қарашада ауруының қабыну белгілері бойынша ауруханаға түсті.

Әскери ақ халаттылардың мәліметі бойынша, оның жақ асты мен мойыны арасындағы еті қабынған. Ыстығы көтерілген. Кейіннен септикалық жағдай орын алып (іріңдеу), инфекциялық-токсикологиялық шокқа әкеліп соққан.

Әскери дәрігерлер қажетті емдеу, реанимациялық іс-шаралар кешенін жүргізіп, сарбаздың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін барлық шараларды қабылдады.ҚР ҚМ баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде.

Бобир Сариев 2021 жылдың күзінде Түркістан облысынан әскери борышын өтеу үшін мерзімді қызметке шақырылды. Ол борышын өтеп жатқан Құрлық әскерлерінің әскери бөлімі Нұрсұлтан қаласында орналасқан.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің жеке құрамы Бобир Халматұлы Сариевтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.