Елордада бұрынғы карантиндік режим сақталады.
ERNUR.KZ. Елорданың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева Нұр-Сұлтан коронавирус таралуы бойынша "сары" аймаққа енгенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
"Бүгінде Нұр-Сұлтан "сары" аймақта. Яғни, "сары" аймақ болған кезде бізде жеңілдету болмайды. Бізде күніне 49 жағдайға дейін тіркеліп жатыр. Сондықтан сауда және ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға қатысты жеңілдік жасай алмаймыз, ондай мүмкіндігіміз жоқ", - деді Пірәлиева.
Пірәлиева елордада бұрынғы карантиндік режим сақталатынын атап өтті. Оның сөзінше, науқастар арасында вирусты басқа өңірлерден алып келгендер де бар екен.