Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында әуе кеңістігін пайдалануға шектеу қойылады

0
1 015

Рұқсат етілмеген аппаратты қолданған адамға 10 АЕК мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.


Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында әуе кеңістігін пайдалануға шектеу қойылады

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы күні Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында сағат түнгі 12-ге дейін әуе кеңістігін пайдалануға шектеу қойылады, деп жазады Елорда Инфо.

«2019 жылғы 9 маусымнан 04.00-ден 24.00-ге дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумақтарында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану бойынша уақытша шектеу қойылады. Бұл ҚР ИИДМ, ҚР ІІМ және ҚР Қорғаныс министрлігінің келісілген шешімі екенін хабарлаймыз. Шектеулер жер бетінен 500 метрге дейінгі биіктікке қолданылады»,- деп көрсеткен ведомство өкілдері.

Осыған байланысты аталған елді мекендер бойынша белгіленген мерзімде ұшуға рұқсат берілмейді. Атап өтерлігі бұл шектеулер Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларының қызметіне және жоспарлы рейстерді жүзеге асыруға әсер етпейді.

Шектеулі ұшу аймағында ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшырған жағдайда Әкімшілік кодексінің 563-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған. Яғни рұқсат етілмеген аппаратты қолданған адамға 10 АЕК мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады.

Ұшу аппараттарын пайдалану тәртібі ҚР ИИДМ сайтында жарияланған.