Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласында коронавирустан екі науқас көз жұмды

0
557


Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласында коронавирустан екі науқас көз жұмды

Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласында коронавирус індетінен екі науқас көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның біріншісі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 1950 жылы туған кісі болса, екіншісі 1962 жылы дүниеге келген Шымкент қаласының тұрғыны, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Осымен індеттен қайтыс болғандар саны 14 адамға жетті.