Болашақта қазақстандықтар шетелге шықпай-ақ, жоғары сапалы ем ала алады.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Президенттің Жолдауы бойынша өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Ералы Тоғжановтың сөзінше, Биыл Қазақстан Орталық Азиядағы онкологиялық ауруларды тиімді және ауыртпалықсыз емдеуге арналған «Гамма-пышақ» орнатылған елдердің біріне айналған. Егер бұған дейін жылына 50-ге жуық қазақстандық шетелге шығып, бір адамға орта есеппен 1 млн теңге жұмсалса, биылғы мамыр айынан бастап Нейрохирургия орталығының базасында 142 ота жасалған.
«Әрбір облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалада МЖӘ шеңберінде заманауи медициналық орталықтар салынады. Заманауи технологиялары бар әлемдік ауқымдағы алғашқы ауруханалар Нұр-Сұлтан және Түркістан қалаларында салынып жатыр. Осылайша, болашақта қазақстандықтар шетелге шықпай-ақ, жоғары сапалы ем ала алады», дейді Премьер-министрдің орынбасары.