Нұр-Сұлтанда №1 автобус паркі карантинге жабылды

0
743

Қызметкермен жақын қарым-қатынаста болғандардың бір бөлігі стационарға жатқызылса, ал қалғандары үй карантинінде.


Нұр-Сұлтанда №1 автобус паркі карантинге жабылды

ERNUR.KZ. Мониторинг барысында №1 автобус паркінің қызметкері коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны анықталды, деп жазады Елорда Инфо.

Қызметкерлер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автопарк карантинге жабылды. Автопарк пен автобустар дезинфекциядан өтті. Қызметкермен жақын қарым-қатынаста болғандардың бір бөлігі стационарға жатқызылса, ал қалғандары үй карантинінде.

2020 жылдың 27 наурызынан бастап елордада жолаушыларға автобустың алдыңғы есігі арқылы кіруге тыйым салынды. Жүргізушілер отыратын жер арнайы лентамен қоршалды. Қолма-қол ақша төлеуге болмайды. Қолма-қол ақшасыз төлемдер ғана қабылданады (Бүгінгі таңда қолма-қол ақшасыз төлем үлесі 98%-ды құрайды). 26 наурыздан бастап автобустар кешкі сағат 19.00-ге дейін ғана жүреді.

28 наурыздан бастап карантиндік аймақта орналасқан барлық қала маңына қатынайтын автобустардың қозғалысы уақытша тоқтатылады. Олар Қосшы, Тайтөбе, Жібек жолы, Талапкер, Қоянды, Қызылсуат, Ы.Алтынсарин, «Нұрлы» саяжай кенттері (№301, 302, 303, 304, 306, 307, 313, 314, 319, 320, 321, 322, 326).