Нұр-Сұлтанда 20-дан астам зертхана қызметкері коронавирус жұқтырды

0
602

Олар күні-түні, тәулік бойына зертханада жұмыс істейді.


Нұр-Сұлтанда 20-дан астам зертхана қызметкері коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда зертхананың 20-дан астам вирусолог-маманы коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп жазады zakon.kz.

Зертхананың 20-дан астам вирусолог қызметкері коронавирус жұқтырды. Олар күні-түні, тәулік бойына жұмыс істейді. Олар да адамдар, темірден жаратылмаған, олар нағыз вирус ошағында жүрді, - деді ол.

Қазіргі уақытта зертхана жұмысына өте үлкен көлемде жүктеме түсуде, сондықтан тестіні тек симптомы бар науқас пен солармен жақын байланыстағы адамдарға қатысты жүргізген жөн.