Нұр-Сұлтанда 78 жастағы анасын қорлаған ер адам қамауға алынды

0
347

Әйел 56 жастағы ұлының спирттік ішімдік ішіп, психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткенін айтып шағымданды.


Нұр-Сұлтанда 78 жастағы анасын қорлаған ер адам қамауға алынды

ERNUR.KZ. Елордада 78 жастағы анасын қорлаған баласы 10 тәулікке қамауға алынды, деп жазады Polisia.kz.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері ІІО-ның есебінде тұрған, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген, спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп жатыр.

Тексеріс кезінде учаскелік полиция инспекторына әйел 56 жастағы ұлының спирттік ішімдік ішіп, үйге мас күйде келіп, оған балағат сөздер айтып, жанжал шығарып, психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткенін айтып шағымданды.

Бұған дейін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мінез-құлқына ерекше талап қойылған тұлға ретінде бір жыл мерзімге есепте тұрған.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен ол 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.