Нұр-Сұлтанда карантин қайта күшейеді

0
731

Елордалықтардың санитарлық талаптарды сақтамауына байланысты қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақтанбай тұр.


Нұр-Сұлтанда карантин қайта күшейеді

ERNUR.KZ. Қазақстан астанасында карантиндік шаралар қатаңдатылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.


"Науқастар саны ұлғайған жағдайда, мен бас санитар дәрігер ретінде эпидемиологиялық ахуалды бағалай отырып, коронавирустың одан әрі таралуына жол бермес үшін карантиндік және шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға мәжбүрмін", – деді Пралиева онлайн брифингте.

Ол тұрғындардың санитарлық талаптарды сақтамауының кесірінен астанада эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мүмкін болмай тұрғанын айтты.
Пралиева қала тұрғындары мен қонақтарын халық көп жиналатын орындарға бармауға, карантин талаптарын сақтауға, өзінің және өзгелердің денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырды.
Соңғы деректер бойынша Нұр-Сұлтанда 2 620 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде 1 829-ы дертінен айығып шықса, он төрт адам қайтыс болды.