Нұр-Сұлтанда қаруланған ер адам әйелін кепілге алды

0
746

Жанжалға ажырасу процесі себеп болғаны айтылды.


Нұр-Сұлтанда қаруланған ер адам әйелін кепілге алды

ERNUR.KZ. Елордадағы "Тұлпар" сауда үйінде қаруланған ер адам әйелін кепілге алды, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға туралы куәгерлер кеше сағат 17:06-да "102" пультіне хабарлаған.
47 жастағы елорда тұрғыны ұсталды, оның әйелімен психологтар жұмыс істеп жатыр.
"Факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады полиция.
Жанжалға ажырасу процесі себеп болғаны айтылды.
"Бәрі көз алдымызда – біздің бутиктің қарсы бетінде болды, қатты қорқып кеттік", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушыларының бірі.