Қылмыскер иесіз қалған вагоннан табылған.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп жазады Polisia.kz.
Учаскелік полиция инспекторлары Ильинка кентін аралау кезінде Доспамбет жырау көшесіндегі иесіз қалған вагонда тұратын ер адамды анықтаған.
Полицейлер тексеру барысында 1977 жылы туған азаматтың қараша айынан бастап шартты мерзімге сотталған ретінде пробациялық бақылаудан жалтарғаны үшін сот шешімімен мемлекетаралық іздеуде жүргенін анықтаған.
Аталған азамат ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Биылғы жылдың 7 қыркүйегі мен 1 желтоқсаны аралығында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп, іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары 280 мыңға жуық пәтерді, 85 мыңнан астам жеке және саяжай үйлерін аралады.