Нұр-Сұлтанда сауда үйінде 9 жасар баланы тоқ соқты – қылмыстық іс қозғалды

0
576

​Баланың анасының айтуынша, сауда үйінің кіреберісіндегі металл қондырғыдан тоқ соққан.


Нұр-Сұлтанда сауда үйінде 9 жасар баланы тоқ соқты – қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда сауда үйлерінің бірінде 9 жасар баланы тоқ соққан. Осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

19 мамырда қала тұрғыны баласының сауда үйлерінің бірінде жарақат алғанын айтып полицияға шағым түсірген. Ол бір күн бұрын 9 жасар ұлымен Сәтбаев көшесіндегі сауда үйіне барған. Кенет оның айқайын естиді. Жүгіріп барған келіншек кіреберісте орнатылған күзет жүйесінен баласына тоқ соғып жатқанын көреді. Оқушы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберілген.

Полицияның хабарлауынша, бұл фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 306-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтанның полиция департаменті ата-аналарға мейлінше сақ болып, баланы қараусыз қалдырмаудың маңызы туралы ескерту жасайды.