Аталған қаржы пирамидасы инвестициялық компания ретінде жұмыс істеп келген.
ERNUR.KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің астаналық департаменті «Sincere Systems» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп жазады Azattyq Rýhy.
Аталған қаржы пирамидасы маркетингтік инвестициялық компания ретінде жұмыс істеп келген. Оның ұйымдастырушылары сенгіш азаматтарға жаңа қатысушыларды тарту арқылы жоғары сыйақы алуға уәде беріп, инвестициялық жобаларға қомақты қаржы салуды ұсынған.
«Алдын ала келісім бойынша бір топ тұлғаның қаржылық (инвестициялық) пирамида схемасын құру және басқару фактісі бойынша компанияның лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген агенттік хабарламасында.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарының өзге деректері тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.