Нұрлан Ысқақов жаңа қызметке тағайындалды

0
1 910

Нұрлан Ысқақов 1978 жылы Омбы қаласында (Ресей Федерациясы) дүниеге келген.


Нұрлан Ысқақов жаңа қызметке тағайындалды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Нұрлан Зайкешұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп жазады tengrinews.kz.

"ҚР денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Нұрлан Зәйкешұлы Ысқақов ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Нұрлан Ысқақов 1978 жылы Омбы қаласында (Ресей Федерациясы) дүниеге келген.

Ол Ақмола мемлекеттік медицина академиясын, "Тұран" Астана университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Алматы басқару университетін, Ресей Федерациясы президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы қалалық жедел жәрдем станциясында бастаған.

1999-2002 жылдары Астанадағы қалалық жедел жәрдем станциясында фельдшер болып жұмыс істеді.

2002-2007 жылдары - Астана Денсаулық сақтау басқармасының апаттар медицинасы бөлімінің бас маманы, Апаттар медицинасы орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі.

2007-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының ауылдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы.

2008-2009 жылдары Президент Әкімшілігінің Медициналық орталығының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің сарапшысы, медициналық-санаториялық-курорттық көмекті ұйымдастыру бөлімінің және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2009-2012 жылдары "СК-Фармация" ЖШС құрылымында жұмыс істеді.

2012-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығы госпиталінің клиникалық-оңалту кешенінің медициналық технологияларды енгізу бөлімінің меңгерушісі, "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы" АҚ президенті.

2017-2020 жылдары - Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы" АҚ туристік бағыттарды дамыту департаментінің директоры.

2020 жылы "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2022 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.