"Нұрлы жерді" жаңа бағдарлама алмастырады

0
526

​"7-20-25" және "Нұрлы жер" бағдарламаларын жүзеге асыру үшін 500 млрд теңге қосымша қаржы бар.


ERNUR.KZ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі пікір білдірді, деп жазады exk.kz.

"Ұлттық банктің мәліметіне сүйенер болсақ, "7-20-25" және "Нұрлы жер" бағдарламаларын жүзеге асыру үшін 500 млрд теңге қосымша қаржы бар. Бағдарламалар қарастырылған қаражат толық игерілгенінше созылады. Сонымен қатар қазіргі таңда жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардың аяқталуына және зейнетақы жинағын алудың қысқаруына орай баламалы шара ретінде ипотекалық несиелерді субсидиялау тетігін енгізу қарастырылуда", — делінген министрлік хабарламасында.

Бұған дейін жүзеге асырылған "Нұрлы жер" бағдарламасындағы шаралар "Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері" ұлттық жобасына қайта енгізілген.

Министрліктің айтуынша, жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары "Отбасы банкі" арқылы одан әрмен жүзеге асырылатын болады.