ОҚО және бірнеше облыста су тасқынына байланысты қауіп үдей түсті

0
1 176

Алдағы күндері ауа райының жауын-шашынды болуына байланысты бірқатар өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін. Бұл туралы 24.KZ хабарлады.


ОҚО және бірнеше облыста су тасқынына байланысты қауіп үдей түсті

фото интернеттен алынды

Алдағы күндері ауа райының жауын-шашынды болуына байланысты бірқатар өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін. Бұл туралы 24.KZ хабарлады.

Әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы және Қызылорда облыстарында қауіп үдей түсті. Бұл туралы еліміздің Ішкі істер министрлігі хабарлады. Ал Шығыс Қазақстан облысындағы жағдайға келетін болсақ, онда жүзден астам үйге еріген қар мен жаңбыр суы кірген. Қазіргі уақытта зардап шеккен тұрғын үйлерде су сорғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары: – Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысында жағдай бір қалыпқа келтірілді. Айта кетейік, ондағы жауған жауын мөлшері екі айлық нормадан асып кеткен. Қазір Аягөзден су толығымен кетті. Ал Балқаш көлі маңындағы елді мекендерді бақылап отырмыз. Әзірше жағдай тұрақты.