Бұған дейін оқу-ағарту министрлігі оқу жылын 31 мамырға дейін ұзартуды ұсынған болатын.
ERNUR.KZ. Мектептерде оқу жылының бір аптаға ұзартылуы оқушылардың денсаулығына әсер етпейді. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Оқу жылының 25 мамырдан 31 мамырға дейін бір аптаға ұзартылуының эпидемиология тұрғысынан үлкен мәні жоқ. Себебі біздің оқу жылын ұзарту немесе қысқартуымыз, ең алдымен, өткір респираторлық вирустық инфекция таралуының алдын алуға бағытталған. Өйткені ОРВИ маусымы кезінде балалардың жетпіс пайызы ауырады. Ал мамыр айы – ОРВИ маусымы емес, бұл маусымаралық кезең", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін оқу-ағарту министрлігі оқу жылын 31 мамырға дейін ұзартуды ұсынған болатын. Өзгерістер жазғы демалысқа әсер етпейді, яғни балалар 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында демалады.