Оқушы қыз иттермен бірге тамақтанып, қорада түнеген

0
2 836

6-сыныпта оқитын жасөспірім жантүршігерлік жағдайда өмір сүруде


Оқушы қыз иттермен бірге тамақтанып, қорада түнеген

фото:NUR.KZ

ERNUR.KZ. Алматы мектептерінің бірінде 6-сыныпта оқитын жасөспірім жантүршігерлік жағдайда өмір сүріп жатыр. Өгей әкесі күнде соққыға жығатын қызды тіпті иттермен бірге ас ішіп, бірнеше күн бойы үйіне кіре алмапты. Оның адам шошырлық жағдайы туралы "Еуразия" арнасында айтылды деп жазады NUR.KZ.

Қаланың қақ ортасында өмір сүріп жатқан отбасының үйіне аяқ алып кіру мүмкін емес. Ащы суға тойып алған оқушы қыздың әжесі тілшілерге қарсы жан-жақтан қаумалаған иттердің жібін ағытып жіберіпті. Журналистердің айтуынша, бұл үй қоқыс полигонына ұқсайды. Себебі онда маскүнемдер жиналып ішімдік ішеді екен. Одан бөлек, үйге кіріп-шығып жүрген ит пен құстың саны да аз емес екен.

6-сынып оқушысы болса, өзін іздеп келген мұғалімдерін көріп жылап жіберді.

«Мені сатып жібермек болды. Бұл дұрыс емес қой. Үш адам. Анам біліп қойды", - деп жан сырын ақтара бастаған оқушыны әжесі тыйып тастады.

Қыздың анасының айтуынша, ол иттерді бағып күн көреді екен. Ал өгей әкесі болса, полицияның тізімінде тұрған көрінеді. Ал ұстаздар болса, баланың жағдайын көріп, оның мектепке неліктен сасып баратынын енді түсінді. Себебі, оқушының жуынатын жері де жоқ.

Отбасы бұл құлағалы тұрған баспанада отыз жылдан бері тұрады екен. Қалының ортасында орналасқан үй белгісіз себептермен сүрілмей қалған. Бір қызығы, баспананың жан-жағы қазылған ор. Алайда отбасының бұл жағдайын Бостандық ауданы білім бөлімінің бас маманы хабарсыз болып шықты.

«Жоқ біз білген жоқпыз. Біз бәрін бірдей біле бермейміз. Бұл жер санитарлық нормаға сай емес. Қыздың денсаулығына зиян келтіреді. Комиссия арқылы қызды алып кететін шығармыз. Біздің қадағалауымызда болады» - дейді Бостандық ауданы білім бөлімінің бас маманы Николай Хан.

Білім бөліміндегілер отбасына үш күн ғана уақыт беріп, дүйсенбіге дейін үйдегі иттер мен айналасындағы қоқысты тазалауға уақыт берді. Егер олардың талабы орындалмаса, онда 12 жастағы қыз мемлекеттік қамқорына өткізілмек.