Студенттер, ЖОО мен колледждерде оқытушыларға вакциналау жоғары деңгейде жүргізіледі.
ERNUR.KZ. Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин оқушылар офлайн режимде оқуы үшін барлық білім мекемелерінде "Ashyq" жүйесі жұмыс істейтінін айтты, деп жазады Stan.kz.
Жандарбек Бекшин, ең алдымен, мегаполистің барлық мектептеріне "Ashyq" жобасы енгізіліп жатқанын айтты. Бұл КВИ жұқтырған немесе онымен байланыста болған адамдарды оқу орындарына жібермеу үшін жасалады.
"Біз президенттің оқушылар офлайн жағдайда оқуы тиіс деген тапсырмасын орындауды көздеп отырмыз. Бұл үшін оқушыларға қауіпсіз жағдай жасауымыз керек. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", – деп атап өтті Бекшин брифингте.
Қазіргі уақытта "Атамекен" аумақтық палатасының хабарлауынша, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің 100% QR-код алды және 1 қыркүйектен бастап "Ashyq" бойынша жұмыс істеуге дайын.
"Сондай-ақ екіншіден оқушылар көп жиналатын орындарда, асханаларда, санитарлық талаптар жүргізілуі керек. Біз бұл мәселені мектеп әкімшілігімен қарастырып, ата-аналар комитеттерімен талқылаймыз. Үшіншіден, сыныптарда ауаны зарарсыздандыратын дезораторлар орнату керек. Бұл – жапондық инновациялық әзірлеме. Аппараттар Қазақстанға жеткізілді. Дезинфекциялаушы құрал сертификатталған, тексеруден өткен және Денсаулық сақтау министрлігінің санэпидбақылау комитетінде тіркелген. Егер бұл бағдарлама мақұлданса, оны да енгіземіз", – деді Алматының бас санитарлық дәрігері.
Ол қала оқушыларын қауіпсіз оқытуды қамтамасыз ету – ведомство жұмысының басты бағыты екенін ерекше атап өтті.
"Біз балаларды қауіпсіз жағдайда оқыту үшін мұқият дайындалып жатырмыз. Жаңа оқу жылында оларды офлайн оқытуды қамтамасыз етуіміз керек. Бір жылдан бері балалар қашықтан оқып келеді және бұл, әрине, білім сапасына әсер етеді", - деді Бекшин.
Ол студенттер, ЖОО мен колледждерде оқытушыларға вакциналау жоғары деңгейде жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ жоғары және орта арнаулы оқу орындарына "Ashyq" жүйесін енгізу мәселесі қойылып отыр.
"Студенттер де онлайн оқудан шаршады. Бірақ оларды толығымен қорғау үшін барлық талаптарды орындап, мектептерде ғана емес, қаланың колледждері мен ЖОО-да қауіпсіз білім алуы үшін жағдай жасау қажет", – деді Алматының бас санитарлық дәрігері.