Олжас Әбішев екі айға қамауға алынды

0
1 146


Олжас Әбішев екі айға қамауға алынды

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев екі ай қамауда болады, деп жазады baq.kz.


"Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Олжас Әбішевке қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі хабарламасында.

Әбішевтің Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің ұсталғаны туралы кеше, 2 тамызда белгілі болды. Ол бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке алынып отыр.