Онкологияны және туберкулезді ерте сатысында анықтаған дәрігерлерге қосымша ақы төленеді - Ажар Ғиният

0
709

Биыл алты ай ішінде қатерлі ісіктің ерте анықтаудың көрсеткіші 5,6% өскен.


Онкологияны және туберкулезді ерте сатысында анықтаған дәрігерлерге қосымша ақы төленеді - Ажар Ғиният

ERNUR.KZ. Қазақстанда науқастардан онкологияны және туберкулезді ерте анықтаған дәрігерлерге бонус төленеді. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәдімдеді, деп жазады stan.kz.

Министрдің сөзінше, биыл алты ай ішінде қатерлі ісіктің ерте анықтаудың көрсеткіші 5,6% өскен. Ажар Ғиният қатерлі дерт диагнозын ерте сатысында анықтағандарға қосымша ақы төленетінін мәлімдеді.

“Ауруды ерте анықтау мақсатында амбулаториялық-емханалық ұйымдар қызметінің сапасы мен нәтижесі үшін мамандардың жалақысына қосымша ақы төлеу түріндегі ынталандыратын пилоттық жоба басталды. Мысалы, учаскелік дәрігер науқастан онкологиялық ауруды және туберкулезді ерте анықтаған жағдайда, оған 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (17 250 теңге, 1 АЕК – 3450 теңге) бонус ала алады”, - деді министр Үкімет отырысында.

Қосымша ақы төлеу 6 индикатор бойынша анықталған:

• Медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде алдын алуға болатын онкологиялық аурулар;

• Туберкулез;

• Ана мен бала өлімін ерте анықтау;

• Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының асқынуы бар (миокард инфарктісі, инсульт, созылмалы жүрек жетіспеушілігі) науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі;

• 2 типті қант диабеті асқынуы бар науқастарды емдеуге жатқызу;

Министр сонымен қатар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ұлғайғанын, 2019 жылы 48 ауру бойынша дәрі-дәрмек сатып алынғанын да айтты. Ажар Ғинияттың дерегінше, 2023 жылы аурулардың тізбесі 3,8 млн адамды қамтып, 126-ға дейін артқан.