Орал-Ақсай тасжолында полицей жол апатынан қайтыс болды

0
413

Көлікте тағы екі адам болған.


Орал-Ақсай тасжолында полицей жол апатынан қайтыс болды

ERNUR.KZ. Орал-Ақсай тасжолында болған жол апатынан полицей қайтыс болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Жол-көлік оқиғасы 9 маусымда сағат шамамен 19:45-те Орал-Ақсай тасжолының 25-шақырымында болған.

"Ваз-2110 автокөлігін тізгіндеген 1993 жылғы "Б" есімді жүргізуші көлігін басқара алмай, аударылған. Алған жарақатынан ауруханада 28 жастағы БҚО ПД патрульдік полиция батальоны қызметкері қаза болды", - деді БҚО ПД өкілдері.

Көлікте тағы екі адам болған. Олар зардап шекпегені хабарланды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталды, оның аясында тиісті сараптамалар тағайындалды.

"БҚО ПД басшылығы мен жеке құрамы қайтыс болған қызметкердің отбасы мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - делінген хабарламада.