Орал түрмесінде отырған 11 адам денсаулығына шағым айтып, ауруханаға жеткізілді

0
565

3 тамыз күні Ақтөбе көшесі, 291 мекенжайында орналасқан РУ-28 мекемесінен шақырту түскен.


Орал түрмесінде отырған 11 адам денсаулығына шағым айтып, ауруханаға жеткізілді

ERNUR.KZ. Орал қаласында түзету мекемесінен 11 адам ауруханаға жеткізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 3 тамыз күні Ақтөбе көшесі, 291 мекенжайында орналасқан РУ-28 мекемесінен шақырту түскен.

«Сағат 20.33-те облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының 103 операторына РУ-28 мекемесінің кезекші қызметкерінен жазасын өтеушілердің денсаулығына қатысты шағымданғаны жөнінде хабарланды. Оқиға орнына 4 бригада барып, 47 жазасын өтеушіні қарады. Соның ішінде 26-дан 47 жасқа дейінгі 11 адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Бас сүйектері, кеуде тұсы, қабырғасы рентгенге түсірілді. Травматолог пен нейрохирург қарап, кеңес берді. Жағдайлары қанағаттанарлық, амбулаторлық ем алуға ұсынылды. Жазасын өтеушілер айдауылға берілді», - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің нақтылауынша, қауіпсіздігі жоғары №28 мекемесінде 3 тамыз күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жалпы тінту жоспарлы іс-шаралары жүргізілген. Оған департаменттің жеке құрамымен бірге Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және БҚО прокуратурасының өкілдері қатысқан.

«Тінту жұмыстары аяқталғаннан кейін жазасын өтеушілер тыйым салынған заттарды тәркілеуге қарсылық білдіріп, қайтып беруді талап ете бастады. Мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына құлақ аспаған олар қызметкерлер мен әскери қызметшілерге айқайлап, тіл тигізуін жалғастыра берді. Құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтату үшін жазасын өтеушілердің бір бөлігі тәртіп изоляторына орналастырылды. Оқиға орнында департамент басшылығы мен прокуратура өкілдері болды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 428-бабына (қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тексеру жүргізіләп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды. Оған қоса, БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеруді бастады», - делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да «Дәрмек» іс-шарасы барысында 13 медицина қызметкері жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.