Полиция жас қылмыскерді ұстады.
ERNUR.KZ. Зашаған ауылында жасөспірім Toyota Camry көлігін ұрлап кетіп, оны бағанаға соқты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
БҚО полиция департаменті хабарлағандай, келтірілген шығын 6,5 миллион теңгеге бағаланды. Көп ұзамай көлікті айдап әкеткен адам ұсталып, көлік иесіне қайтарылды.
Кейін белгілі болғандай, бала туған жеңгесінің көлігін ұрлап кеткен. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін ата-анасына хаттама толтырылды.