Полиция және әкімдік қызметкерлерінен жасақталған бақылау тобы қалада бірнеше рет шектеу шаралары бұзылғанын анықтады.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде мейрамханадан шығып, асығыс кетіп бара жатқан қонақтардың видеосы жарияланды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Видео Оралда 60-қа тарта адам отбасылық мерекені тойлап жатқан кезде түсірілген.
14 қарашада полиция және әкімдік қызметкерлерінен жасақталған бақылау тобы қалада бірнеше рет шектеу шаралары бұзылғанын анықтады. Соның ішінде "Айбат" мейрамханасы да бар.
"Қоғамдық тамақтандыру мекемесінің жұмыс істеуіне қатысты бір факті, дүкендерде дене қызуын өлшемеу және арақашықтықты сақтамаудың екі фактісі, көп адам жинап, іс-шаралар өткізудің екі фактісі анықталды", - деді Орал қаласы әкімдігінің бөлім бастығы Аслан Жармұханов.