Оралда мәйітханада тоңазытқыш бұзылды

0
807

Дін қызметіндегілер қазір қайтыс болып жатқандар көбейгенін атап өтті.


Оралда мәйітханада тоңазытқыш бұзылды

ERNUR.KZ. Оралда діни қызмет түрлеріне жүктеме күшейді. Тұрғындар туыстарын уақтылы жерлей алмай жатқанына шағымданып жатыр. Қаладағы мәйітхананың бірінде тоңазытқыш бұзылып, жағымсыз иіс шыққаны жағдайды ушықтырды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Орал тұрғындарының бірі үш күннен бері әкесінің денесін алып кете алмай жатқанын айтып шағымданды.

"Тоңазытқыш бұзылды. Дем алу мүмкін емес. Жағымсыз иіске шыдау қиын", - дейді сот сараптама институтының алдында тұрған ер адам.

Тағы бір топ адам Ақжайық ауданында Орал теңізіне батып кеткен 19 жастағы жігіттің денесін алуға келген. Оларға келісім бермеген.

"Қазір өте ыстық. Денені бермейді. Жерлей алмаймыз. Өлгені туралы анықтама да бермейді", - дейді туысы Алтын Жолсариева.

Сондай-ақ мәйітханада тоңазытқыш бұзылып қалған. Осы жерге кондиционер орнататын компания мамандары келді.

"Бір тоңазытқыш камера сынып қалды. Иіс бар. Мәйітханада ер адам мен әйелдің денесі жатыр. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі оларды тасымалдау және жерлеуге ақша бөлу керек. Біз оларды өздігімізден жерлей алмаймыз. Сол себепті иіс шығып тұр. Басқа денелер жаңа тоңазытқыштарда сақтаулы. Оларды сол жаққа ауыстыра алмаймыз", - дейді сот сараптама институтуның қызметкері Татьяна Писаренко.

Дін қызметіндегілер қазір қайтыс болып жатқандар көбейгенін атап өтті.

"Инфаркт, инсульт көп. Оның үстіне қазір біз мырыштан және ағаштан жасалған табыттарды коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар үшін дайындап жатырмыз. Тәулік бойы мүмкіндігімізше жұмыс істеп жатырмыз. COVID-19-дан қайтыс болғандарды жерлеумен айналыспаймыз. Мұнымен жергілікті атқару органдары айналысады", - деді "Талап" АҚ қалалық көпбейінді ауруханананың директоры Елена Дзюба.

Еске салайық, БҚО-да коронавирустан 22 адам қайтыс болды.