Оралда ПТР анықтамасын саудалағандардың үстінен іс қозғалды

0
323

Заңсыз әрекет үшін олар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Оралда ПТР анықтамасын саудалағандардың үстінен іс қозғалды

ERNUR.KZ. Оралда ПТР анықтамасын саудалағандардың үстінен іс қозғалды, деп хабарлайды Хабар24.

Күдіктілер сауалнамаларды қолдан өзгертіп, қажетті деректерді базаға өздері енгізген. Бұдан бөлек, алаяқтар Ресей Федерациясындағы емдеу мекемелерінің шақырту қағаздарын дайындаумен де айналысқан. Мұндай құжат мемлекеттік шекараны кеДергісіз кесіп өту үшін, әлде біреулерге керек болған көрінеді. Күдіктілер жалған құжаттарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ полицейлер жұмысқа тұру үшін ПТР анықтамасын сатып алған үш Орал тұрғындарын ұстаған. Енді қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Заңсыз әрекет үшін олар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.