Оралда студент қызды зорлаған InDriver жүргізушісі мен оның досы сотталды

0
416

Сотталушылардың кінәсі дәлелденді.


Оралда студент қызды зорлаған InDriver жүргізушісі мен оның досы сотталды

ERNUR.KZ. Оралда студент қызды зорлады деген айыппен InDriver жүргізушісі мен оның досына қатысты сот шешімі шықты. Олар қызды қылқындырып қорқытқан, деп жазады Azattyq Rýhy.

Өткен жылдың тамыз айында полицияға 26 жастағы қыз хабарласып, өзінің зорлағаны туралы арыз жазған. Арыз бойынша тергеу жұмыстарын қолға алған полицейлер такси жүргізушісі мен оның досын қамауға алды.

Белгілі болғандай, бойжеткен inDriver қосымшасы арқылы такси шақырды. Шақыртуға досымен бірге келген жүргізуші қызды елсіз жерге апарып, кезек-кезек қорлаған.

Бүгін, 26 мамырда Орал қалалық сотында үкім шықты. Сотталушылардың кінәсі дәлелденді.

«Қылмыстық баптың санкциясында тоғыз жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Айыптау қорытындысында тергеуші мен прокурор жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқ екенін көрсеткен. Бұл ретте, заң бойынша алдын ала сөз байласу арқылы адам зорлағаны үшін берілетін жаза сегіз жылдан аспайды. Сот кінәлілердің әрқайсын сегіз жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі барынша қатаң жаза тағайындады», - деп хабарлады Орал қалалық сотының баспасөз қызметі.

Ер адамдар жазасын орта қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.