Оралда сырғанақ теуіп жүрген 17 жасар қыз ауыр жарақат алды

0
638

Кәмелетке толмаған 2005 жылғы қызды трос соққан.


Оралда сырғанақ теуіп жүрген 17 жасар қыз ауыр жарақат алды

ERNUR.KZ. Оралда сырғанақ теуіп жүрген 17 жасар қыз ауыр жарақат алды, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 28 қаңтарда Ысқырық тауындағы сырғанақта болған.

«Шамамен сағат 22.00-де сырғанақ теуіп жүрген кәмелетке толмаған 2005 жылғы қызды трос соққан. Соның салдарынан қыз іштің жабық жарақатын алған, бауырына зақым келіп, оң жақтағы үш қабырғасы сынған. Қыз 29 қаңтар күні сағат 01.34-те облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. ҚР ҚК 306-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды» деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, оқиға «Саян» демалыс базасында болған.

Қыздың екі жағынан да бірнеше қабырғасы сынған, бауырында гематома, травматикалық шок алған. Қазір балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде.