Оралда Toyota бағанға соғылып, 20 жастағы қыз көз жұмды

0
1 328

Құтқарушылар автокөлік ішінде қыстырылып қалған 1993 жылғы жүргізушіні шығарған.


Оралда Toyota бағанға соғылып, 20 жастағы қыз көз жұмды

ERNUR.KZ. Оралда Toyota автокөлігі бағанға соғылып, 20 жастағы қыз көз жұмды, деп жазады inform.kz.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жантүршігерлік оқиға бүгін таңда шамамен сағат 05.05-те Зачаган кентіндегі Жәңгір хан көшесі бойында болды.

«Пост» аялдамасы тұсында жүргізуші автокөлік руліне ие бола алмай, жарнама қалқаны бағанына соғылған. Автокөлікте жүргізушіден басқа 2002 жылғы қыз болған. Олардың екеуі де ауруханаға жеткізілгенімен, қыз есін жия алмастан қайтыс болды.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін сақтап, жылдамдықты шектен тыс арттырмау керектігін еске салады.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің толықтырғанындай, құтқарушылар автокөлік ішінде қыстырылып қалған 1993 жылғы жүргізушіні шығарған. Оқиға орнына төрт құтқарушы бір техникамен барды.