​Оралда тұрғын үйге «бомба қойған» адам іздестіріліп жатыр

0
1 054

Белгісіз ер адам ұялы телефоннан Махамбет ақын көшесі 7-мекенжайындағы үйде бомба қойылды деп 102-ге қоңырау шалған.


​Оралда тұрғын үйге «бомба қойған» адам іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Оралда тұрғын үйге «бомба қойылғаны» жөніндегі хабар жалған болып шықты, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңмен сағат 05.00-де болды.

Белгісіз ер адам ұялы телефоннан Махамбет ақын көшесі 7-мекенжайындағы үйде бомба қойылды деп 102-ге қоңырау шалған.

Қазіргі кезде телефон шалған адам іздестірілуде. ҚР ҚК 273-бабына (терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.