Оралда үй өртеніп, 3 адам көз жұмды

0
742

Арасында бала да бар.


Оралда үй өртеніп, 3 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. 27 қыркүйек күні түңгі сағат 02:46 шамасында өрт сөндіру қызметіне «Волна» баубақша бірлестігінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен, деп жазады 24.kz.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жеке үйдің отқа оранғанын көреді. 35 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалын таңғы сағат 06:15-те ауыздықталды.

Сау-тамдығы қалмай жанып кеткен үйден 3 адамның мүрдесі табылды. Ол 1961 жылы туған ер адам. Әйел мен баланың жеке бас мәліметтері анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 14 маманы мен ТЖД 4 техникасы жұмылдырылды.