Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тиісті жұмыстар атқарылуда.
ERNUR.KZ. Оралда жеке үйден екі адамның мүрдесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 7 қыркүйек күні Циолковский көшесі 53-үйде орын алды.
Сағат 16.30-да аталған үйден 1934 жылғы анасы мен оның алпыс жасар ұлының мүрдесі табылғаны жөнінде хабар түскен.
«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тиісті жұмыстар атқарылуда», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.