Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғандардың барлығы жауапкершілікке тартылады.
фото: Sputnik / Михаил Мордасов
ERNUR.KZ. Премьер-министр Олжас Бектенов өрт қаупі жоғары кезеңде орман алқаптарында демалуға тыйым салу шараларын қабылдауды тапсырды, деп жазады sputnik.kz.
Осыған байланысты рейдтер мен күзет кестесі жасалады. Ал өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғандардың барлығы жауапкершілікке тартылады.
"Төтенше жағдайлар, экология және табиғи ресурстар, мәдениет және ақпарат министрліктері мен әкімдіктер ел арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жандандыруы керек",— деді Бектенов.
Ал экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, өрт қаупі жоғары кезеңде орманда демалуға толығымен тыйым салынбайды. Арнайы жерлерде жайғасып, демалуға рұқсат бар.
Айта кетері, биыл жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болады.