Орта Азия бойынша ең жылдам мобильді интернет - Қазақстанда

0
621

Қазақстанда бұл көрсеткіш қаңтар айында бірден 48%-ға, яғни, 18 Мбит/секундке дейін өсті. Бұл – Орталық Азия елдері арасындағы ең үздік көрсеткіш.


Орта Азия бойынша ең жылдам мобильді интернет - Қазақстанда

ERNUR.KZ. Қазақстанда мобильді интернет жылдамдығы бір жылда 48% артқан, деп жазады ҚазАқпарат.

Ресурстың жазуынша, әлемде мобильді кең жолақты интернеттің орташа жүктеу жылдамдығы бір жылда 38,3% артып, 2022 жылдың қаңтарында секундына 29,62 Мегабитке жеткен.

Мұндай оң тенденцияда Қазақстанның да үлесі бар.

«Қазақстанда бұл көрсеткіш қаңтар айында бірден 48%-ға, яғни, 18 Мбит/секундке дейін өсті. Бұл – Орталық Азия елдері арасындағы ең үздік көрсеткіш. Одан кейін Қырғызстан (8% немесе 17,45 Мбит/сек дейін) және Өзбекстан (13,85 Мбит/сек немесе 57,6%) тұр. Тәжікстан мен Түркіменстанда мобильді интернет жылдамдығы - әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі: тиісінше 6,43 Мбит/сек және 3,09 Мбит/сек», - деп жазады Finprom.kz.

Аналитикалық порталдың мәліметі бойынша, пандемия кезінде шаралардың бәрі онлайн форматқа көшіп, бұл сегментке үлкен қысым түсірген.

«Алайда, жалпы қиындықтар аясында Қазастандағы мобильді операторлар қолда бар ресурсты сақтап қана қоймай, байланыс сапасын жақсарта алды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ұтқыр кең жолақты байланыс арқылы интернет желісіне жалғанған үй шаруашылықтарының үлесі - 85,7%. Бұл көрсеткіш 2019 жылы - 84,9%, ал 2015 жылы - 58,9% болатын», - делінген талдауда.